Елорда • 05 Желтоқсан, 2023

Астана маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтатылды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

City Transportation Systems компаниясы қолайсыз ауа райы салдарынан Астана маңына қатынайтын барлық бағыттағы автобустар уақытша тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астана маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтатылды

«Ауа райының нашарлауына (жауын, көктайғақ, қатты жел) және жолдардың жабылуына байланысты, қала маңына қатынайтын барлық бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қоғамдық көлік қозғалысы бойынша өзгерістерді @cts_kz парақшамыздан бақылаңыз», делінген хабарламада.