Қоғам • 01 Желтоқсан, 2023

Елімізде телефон алаяқтығының жаңа түрі пайда болды

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық Банкі жасанды интеллектіні пайдалана отырып жасалатын телефон алаяқтығының жиілеп кеткені туралы ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде телефон алаяқтығының жаңа түрі пайда болды

Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтарды белгісіз нөмірлерден қоңырау шалынған кезде қырағылық танытып, өздерінің дербес деректерін ашпауға, мобильді қосымшаларды орнатпауға, мобильді телефонға қашықтан кіру рұқсатын бермеуге және телефон арқылы сөйлесу барысында алынған нұсқаулар бойынша үшінші тұлғалардың шоттарына ақшалай қаражатты аудармауға шақырды.