Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2023

Жер қытайлықтарға берілмейді – облыс әкімі

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысы әкімі халық арасында таралған жаңсақ пікірге қатысты жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz аймақ әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Жер қытайлықтарға берілмейді – облыс әкімі

Фото: gov.kz

Жаңаарқа кенті тұрғындарымен кездесу барысында өңір басшысы Қызылжар елдімекенінде салынатын жел электр стансаларының құрылысы – өңірдегі энергетика қажеттілігін шешуге мол мүмкіндік беретінін жеткізді.

Облыс әкімінің айтуынша Жаңаарқа ауданындағы 20 гектар жерді көршілес мемлекетке меншікке немесе ұзақ мерзімді жалдауға беру жайында таралған түрлі пікір шындыққа жанаспайды.

«Қытайлық «Синохайдро» компаниясы инвестор ретінде қажетті қаражатты береді, жоба іске қосылып, өнім пайда әкелгеннен кейін қаржы толық қайтарылады. Құрылыс жұмыстарын жезқазғандық «ТехноГруппСервис» компаниясы жүргізеді. Сәйкесінше өңірде жаңа жұмыс көздері ашылады», деді өңір басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35