Білім • 30 Қараша, 2023

Мектептерде діни әдебиеттерді оқытуға тыйым салынуы мүмкін

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Асхат Аймағамбетов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. Депутат ұсынылған заң нормаларының ішінде мектептерде діни әдебиеттерді оқыту мәселесіне тыйым салу жайы да көтерілгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Мектептерде діни әдебиеттерді оқытуға тыйым салынуы мүмкін

Заң жобасының бір ережесінде мектептерде балалар үшін жағымсыз ақпаратты таратуға тыйым салу қарастырылған. Ол мұндай тыйымның салынуы мектептердің зайырлы мекеме екенімен байланыстырды.

«Бұл анық норма түрлі діни қайраткерлерді және басқа да діни әдебиеттерді немесе ақпаратты мектептерге кіргізбеуге негіз болады деп ойлаймын. Біздің мектептер зайырлы мекеме, түсінесіз бе? Сондықтан зайырлы мекеме толығымен зайырлы болуы керек. Егер діни әдебиетті оқығыңыз келсе мүмкіндігіңіз жетеді, ата-анасы бар. Дегенмен балалар кәмелет жасына толғанша әртүрлі ақпараттардан қорғалуы керек. Өйткені оларға қорытынды шығару өте қиын», деді Асхат Аймағамбетов.

Мәжіліс бұл заң нормасын бірінші оқылымда қолдап, Сенатқа жолдады.