Шахмат • 27 Қараша, 2023

Бір күміс, екі қола

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Монтесильвано қала­сында өткен шахматтан балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем бірін­шілігінде жерлестеріміз үш жүлдеге қол жеткізді.

Бір күміс, екі қола

14 жасқа дейінгі ойыншылар сайысында Елназ Қалиахметтің алтын алуына тамаша мүмкіндігі болды. Ол сегіз бәсекеде басымдық танытып, екі кездесуді тең аяқтады. Тағы бір партияда жеңіліс тапты. Осы жалғыз ғана сәтсіз ойын Елназды бас жүлдеден айырды. Бұл топта өзбекстандық Афруза Хамданова алдына жан салмады. 16 жастағы бойжеткендердің бәсекесінде Алуа Нұрманова қолаға қол созды. Қазақ қызы қытайлық Ван Чуцяо мен ресейлік Александра Шведовадан қалып қойды.

Жасөспірім ұлдардың жарысында Алдияр Аңсатқа қола медаль бұйырды. Ол 7 жеңіс, 1 жеңіліс және 3 тең ойынмен үздік үштікті түйін­деді. Ресейлік Алексей Гребнев пен Воло­дар Мурзин Алдиярдың алдын орап кетті.