Футбол • 23 Қараша, 2023

Футболдан Қазақстан құрамасы 7 жаңа рекорд жасады

435 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өз тарихымызда болмаған 7 рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футболдан Қазақстан құрамасы 7 жаңа рекорд жасады

1. Қазақстан құрамасы алғаш рет топ ішінде ең жоғары орынға тұрақтады.

Н тобында үштікті түйіндеген Финлияндиядан қосымша көрсеткіштер бойынша ғана артта қалған Қазақстан футбол құрамасы өз тарихынды тұңғыш рет төртінші тұғырдан табылды. Сондай-ақ іріктеу кезеңінің соңғы турына дейін топтан шығу жолдамасына үміткер мүмкіндігін сақтап қалды. 

Бұған дейін құраманың ең жоғары көрсеткіші бесінші орын болды. (Еуро - 2016 және 2020 іріктеу кезеңі) УЕФА-дағы алғашқы жылдары команда алтыншы орыннан аса алмаған еді.

2. Іріктеу кезеңінде ең көп жеңіс тіркелді.

Құраманың тағы бір тарихи жетістігі - іріктеу кезеңіндегі он ойынның алтауын жеңіспен аяқтауы. Отандық жанкүйерлер қорытынды нәтижеде матчтардың 60 пайызында жеңісті тойлаған. Бұған дейінгі жоғары нәтиже қазақстандық құрама ЕУРО-2020 іріктеу кезеңінде қарсыластарын 3 рет жеңген.

3. Алдыңғы жылдарға қарағанда жігіттер аз жеңілді.

Команда бұл көрсеткіш бойынша да рекорд жасады. Он ойынның төртеуінде жеңілді. Бұрын-соңды ұлттық құрама жанкүйерлерді мұншалықты сирек сан соқтырмаған еді.

4. Тең ойын мүлде тіркелмеді.

Бұрын ұлттық құрама жанкүйерлері «лайықты жеңіліс» пен «жан беріп, жан алысқан тең ойындарға» төзіп келді.

5. Көп гол соғылды.

ЕУРО - 24 іріктеу кезеңінде біздің футболшылар 16 рет гол соқты. Бұған дейін бұл көрсеткіш бойынша рекорд ЕУРО - 2020 іріктеу турында 13 гол болды. Ұлттық құрама алғаш рет әр матчта кем дегенде 1,5 гол соғу көрсеткішіне қол жеткізді.

6. Өз қақпамызға аз гол жібердік.

Құрама қақпашылары қақпаға бағытталған 12 голды қайтара алмады.

7. Команда іріктеу кезеңінің қорытындысында соғылған голдар бойынша «+» көрсеткішін бағындырды.

Құрама қарсыластарына 16 гол соғып, 12 голды қақпамызға өткізіп алды. «+4» айырмашылық. Бұл көрсеткіш Еуро-2020 іріктеу кезеңіндегі «-4»-тен, сондай-ақ сегіз жыл бұрын тіркелген «-18»-ден әлдеқайда жоғары жетістік болып отыр.