Елорда • 22 Қараша, 2023

Астана мектептерінде ауа райына байланысты сабақ қысқартылды

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада көктайғақ пен қатты желдің салдарынан мектептердегі сабақ қысқартылды, деп хабарлайды Egemen.kz білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана мектептерінде ауа райына байланысты сабақ қысқартылды

«Ауа райы жағдайын ескере отырып, екінші ауысымдағы сабақ уақытын 35 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Сабақ соңында оқушыларды мектептен ата-аналары немесе заңды өкілдері алып кеткені дұрыс», делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, қолданыстағы ережелерге сәйкес жаңбыр мен көктайғақ сабақтарды тоқтатуға негіз бола алмайды.

«Сондай-ақ әрбір ата-ана сынып жетекшісіне алдын ала хабарлай отырып, баланы мектепке жібермеуіне болады», деп атап өтті департаменттегілер.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10