Әлем • 20 Қараша, 2023

Қатты дауылдан жүк кемесі қақ бөлінді

1049 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Одесса қаласынан Түркияға қарай бет алған Pallada жүк кемесі Қара теңізде дауыл тұрған шақта жағаға шығып, қақ ортасынан екіге бөлініп қалған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар БАҚ пен әлеуметтік желілерде таралды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қатты дауылдан жүк кемесі қақ бөлінді

Фото: Оқиға болған жер. Видеодан кадр: t.me/stranaua

Milliyet түрік басылымы жүк кемесі Түркияның солтүстігіндегі Зонгулдак провинциясының Эрегли аймағына қарай жылжып, жағасына жақындағанын, табиғи апат мезетінде теңіз толқынының биіктігі шамамен 5 метрге дейін жеткенін, бортта болған 13 адамның эвакуацияланғанын әрі экипаж мүшелері зардап шекпегенін жазған.

Кемедегі барлық 13 экипаж мүшесін эвакуациялағанын мәлімдеген Түркияның теңіз істері бас басқармасы: «19 қарашада сағат 10:00-де Бас іздестіру және құтқару жұмыстарын үйлестіру орталығына апат туралы қоңырау түсті. Тексеруден кейін Камерун мемлекетінің байрағы бар Pallada кемесі дауыл салдарынан зақымданып, Эреглиде су жағасына шығып қалғаны анықталды», деп жазған екен хабарламасында.

Түркияның Anadolu агенттігінің таратқан хабарынша, Эрегли порты басшылығы дауылға байланысты порттан шығып кеткен Kafkametler атты түрік кемесімен байланыс орнатуға тырысып жатыр. Ол Ресейден шығып Түркияның Измир қаласына қарай жолға шыққан, ол кемедегі барлық 12 экипаж мүшесі Түркия азаматтары екен.

UNIAN басылымы Pallada жүк кемесі Одессадан 3 қарашада шыққанын түсіндіреді.