Қоғам • 20 Қараша, 2023

Ресейдің Кемерово облысын 20 жыл басқарған қазақ - Аман Төлеев дүниеден озды

462 рет
көрсетілді

Ресей Федерациясының Кемерово облысына 2018 жылға дейін - 20 жыл бойы губернатор болған Аман Төлеев 80 жасқа қараған шағында бақилық болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейдің Кемерово облысын 20 жыл басқарған қазақ - Аман Төлеев дүниеден озды

Қаралы хабарды аймақтың қазіргі басшысы Сергей Цивилев ВКонтакте желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«1997-2018 жылдар аралығында Кемерово облысының губернаторы болған, бар өмірін Кузбасс пен Ресейге қызмет етуге арнаған ерекше тұлға Аман Ғұмырұлы Төлеев дүниеден өтті. Бұл орны толмас қаза болды. Өңіріміздің тыныс-тіршілігіндегі тұтас бір дәуір Аман Ғұмырұлымен байланысты: ол қиын-қыстау кезеңде өңірді басқарып, дағдарыстан шығара білді.

Кузбастықтар Аман Төлеевті өз қызметінде әрқашан халық мүддесін бірінші орынға қоятын нағыз халықтық губернатор ретінде еске алады», - деп жазды ресейлік шенеунік.

Соңғы жаңалықтар

Айтып келген апат

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Құндылықтар – ұлт қорғаны

Пікір • Бүгін, 22:10

Қос астана дуэті

Театр • Бүгін, 22:00

Кері тартқанды бері тарт

Пікір • Бүгін, 21:53

Жұқпалы дерттен қорғанудың амалы

Денсаулық • Бүгін, 21:45