Үкімет • 20 Қараша, 2023

Үкімет жаңадан салынатын теміржол бағыттарын атады

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қызметі және еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет жаңадан салынатын теміржол бағыттарын атады

фото: primeminister.kz

Алдағы жылдары еліміздің транзиттік әлеуетін едәуір арттыратын 1300 шақырымнан астам теміржол салу жоспарланып отыр.

Жоспар бойынша бұл – Достық–Мойынты, Бақты–Аягөз, Дарбаза–Мақтаарал желілері және Алматы маңы айналма жолы.

Сонымен қатар қолданыстағы теміржолдарды жөндеу, жаңа локомотивтер мен вагондар сатып алу, стансалар мен вокзал кешендерін жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

аа


Премьер-министр «ҚТЖ» ҰК» АҚ отандық тауар өндірушілер тарапынан келіп түскен барлық шағымдарды жедел талдап, Көлік министрлігімен бірлесе отырып, жүк тасымалы кезіндегі кедергілерді жою жөніндегі пәрменді шаралар әзірлеу қажет екенін атап өтті.