Спорт • 15 Қараша, 2023

Пенчак-силат: Ұлттық құрама 11 медаль жеңіп алды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дубай (БАӘ) қаласында ересектер арасында пенчак-силаттан VII Азия чемпионаты және Таяу Шығыстың I ашық чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пенчак-силат: Ұлттық құрама 11 медаль жеңіп алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

17 елден 400-ден астам спортшы қатысқан Азия чемпионатында еліміздің намысын 19 спортшы қорғап, нәтижесінде 11 медаль жеңіп алды. Нақты айтқанда, 1 алтын, 3 күміс, 7 қолаға қол жеткізді. Сондай-ақ Таяу Шығыстың I ашық чемпионатында 25 отандасымыз сайысып, 8 алтын, 10 күміс, 9 қола, барлығы 27 медаль еншіледі.

Пенчак-силат – индонезиялық және малайзиялық жекпе-жек өнерінің жалпы атауы.

Қазақстан Республикасы Пенчак-силат қауымдастығының 12 облыстық және қалалық федерацияларында 3200-ден астам адам аталған спортпен шұғылданады.