Аймақтар • 07 Қараша, 2023

Басылым атауы берілді

131 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Шамшырақ» газетінің 92 жылдығына орай Түлкібас ауданы әкімдігі мен Қазақстан Журналистер одағының қолдауымен аудан орталығындағы көшеге атауы берілді.

Басылым атауы берілді

Осыған байланысты ұйым­­дастырылған салтанат­ты рәсімде аудан әкімі Нұр­жан Ізтілеуов жағымды жаңа­лықтардың жаршысы болып жүрген басылым ұжымын құт­тықтады. «Бұл тек газет ұжы­мының ғана емес, күллі оқырман қуа­нышы деп білемін. Сіздер қан­дай мақтау, марапатқа бол­сын лайықтысыздар. Өйт­ке­ні қаламның күшімен, тіл­дің өткірлігімен талай істің бі­туі­не, біраз мәселенің ше­ші­луіне тікелей себепкер бол­ды­ңыздар», деді ол. Жиын барысында ел ағалары «Шамшырақ» көшесінің бойына ағаш егіп, абаттандырылуына өз үлестерін қосты.

Иә, ел жоғары бағалап отыр­­ған бүгінгі жетістіктің бас­­тауы осы басылымда еңбек еткен аға буыннан басталады. Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мыр­захметұлы, жазушы Мархабат Бай­ғұт сатирик ақын Алпысбай Бо­ран­байұлы, ақын Әбдібек Арал­байұлының тыр­нақалды туындылары осы газетте жа­рыққа шығып, оқыр­мандарға ұсынылған болатын. Тарихы терең, алғаш «Со­циа­листік егінші» атауымен жа­рыққа шыққан үнжарияда тілші бо­лып Қуантай Аршабаев, Аман­гелді Ізтілеуов, Қаз­бек Кей­­киев, Сайдулла Сат­тар­ха­нов, Біләл Құлбек, Мұ­рат Пірәлиев, Әбдісаттар Әлі­баев, Кендебай Айтқұлов, Арыс­бай Айтаманов, Орынтай Көме­ков сынды бүгінде есімі елге мәлім азаматтар жұмыс істеді. Бүгінде шығармашылық ұйым  ұлт­тық және халықаралық дә­ре­жеде­гі оқу орындарының тү­­лек­т­ерімен, яғни ізденімпаз жас­тармен толыққан. Аға буын­­ды алыстатпай, жастарға мүм­кін­дік беріп, заман тала­бына сай оқырмандарына қыз­­мет көрсетіп келе жат­қан редак­цияның бе­деліне басылым бас­шысы Марат Қалтаевтың сіңір­ген еңбегі көп екенін де айта ке­телік. Салтанатты рәсімге қа­тысушылар алдағы уақытта редакция ұжымы тың бастамаларымен, жаңашылдығымен оқырмандар қатарын арттыра түсетініне сенім білдіріп, Шамшырақ көшесі атауына сай үлгілі де бағыт-бағдар болатын даңғылға айнала берсін деген тілектерін жеткізді.

 

Түркістан облысы