Үкімет • 04 Қараша, 2023

Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытайға барды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытайға барды

Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянның келіссөздері барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Премьер-министр Шанхайда 6-шы Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысады және басқа елдер  делегацияларының басшыларымен бірге көрмедегі ұлттық павильондармен танысады.