Қоғам • 03 Қараша, 2023

Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

181 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ мен «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің қолдауымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

«Жәрмеңке елорда тұрғындарын әлеуметтік жағынан қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге ет және түрлі азық-түлік тауарлар көп мөлшерде жеткізіледі. Тауарлар тұрғындарға қолжетімді бағада сатылады. Тауар сапасы да жоғары. Жәрмеңкеге негізінен университетіміздің қосалқы шаруашылықтарында ғалымдарымыз бен студенттеріміздің өсірген ауыл шаруашылық өнімдері мен университет серіктестерінің өндірген өнімдері саудаға шығарылды», деді С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ қаржы директоры Е.К.Арапбаев.

Жәрмеңкеге қала тұрғындарының қазіргі сұранысына ие делдалсыз тікелей келген өнімдер шығарылды. Атап айтқанда, 10 тонна ет, 200 кг балық, 25 тонна жеміс пен көкөніс, 10 тонна сүт өнімдері мен кондитерлік өнімдер сатылды. Мұндағы қауіпсіз және құнарлы өнімдер қала тұрғындарына, университет қызметкерлері мен студенттерге қолжетімді бағада сатылғанын атап өтуге әбден болады. Жәрмеңкеде сатылған тауарлардың барлығы тауардың өзіндік құнымен сатылғандықтан,  жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсат – қыс айына қамданған қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау.

э

Жәрмеңкені ҚазАТЗУ басқарма мүшесі, бірінші проректор А.Абдиров кіріспе сөзбен ашып, жәрмеңке жұмысына сәттілік, сатушылар мен тұтынушыларға табыс тіледі. Ауыл шаруашылық министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті басшысының міндетін атқарушы Ш.Ахметов министрлік тарапынан бұл шараға қолдау білдіріп, ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді. Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары М.Жалпыбаев қатысып, жәрмеңкеге жиналған қауымға береке, жәрмеңкені ұйымдастырушы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің басшылығының бұл бастамасының жалғасты болуына тілектестігін білдірді. Сондай-ақ ірі ауыл шаруашылық ұйымының құрылтайшысы С.Ескендіров өз кезегінде университет түлегі екендігін мақтан тұтатынын, сондықтан да білімнің қара шаңырағында өтетін іс-шараларға әркез қолдау білдіретінін атап айтты.

д

Университет тарапынан жәрмеңкеге қатысушылар үшін арнайы концерттік және спорттық бағдарламалар ұйымдастырылды. Сыртта орнатылған LED экраннан ҚазАТЗу туралы бейнефильмдер көрсетіліп, жәрмеңкеге келушілерге университет туралы мол мағлұмат берілді.

ж

Жәрмеңкеге келген қала жұртшылығы, университет қызметкерлері мен студенттер арасында гір көтеруден жарыс ұйымдастырылды.

Өте тартысты да қызықты өткен жарыстың нәтижесінде:

1-ші орын А. Исмаилов - ҚазАТЗУ шаруашылық бөлімінің қызметкері (дәнекерлеуші);

2-ші орын А. Абдыркен - қала тұрғыны;

3-ші орын Б. Нуртилахан – ҚазАТЗУ техникалық факультетінің 1-курс студенті жеңіп алды.

Жеңімпаз бен жүлдегерлерге арнайы университет әкімшілігі мен кәсіпкерлікті дамыту және комерциализациялау департаменті тағайындаған арнайы сыйлықтар табыс етілді.

ж

Жәрмеңке көрігін қыздырған С.Сейфуллин университетінің серіктестестеріне ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-ректоры М.Тіреуовтың Алғыс хаты табыс етілді.