Қоғам • 03 Қараша, 2023

Тергеу кезінде күдіктіні азаптап өлтірген полицейлердің жазасы жеңілдетілді

255 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкентте Полиция департаментінің ғимаратында өлі табылған күдіктінің ісі бойынша сотталған бұрынғы полицейлерге қатысты іс қайта қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап

Тергеу кезінде күдіктіні азаптап өлтірген полицейлердің жазасы жеңілдетілді

Апелляциялық алқа Уәлихан Жәнібеков пен Дінмұхамед Исаевқа қатысты қылмыстық істер бойынша Шымкент қалалық ауданаралық сотының үкімін өзгертті.

«Сот алқасы Қылмыстық кодекстің 146-бабы 3-бөлігі бойынша сотталған Жәнібековтің әрекеттерін 146-бап 2-бөлік 1-тармаққа ауыстырды. Оған құқық қорғау органдарында 3 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыра отырып 3 жыл, 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген Шымкент соты баспасөз қызметінің мәліметінде.

Ал бұған дейін сот шешімі басқа болған еді. Ол кезде сот Жәнібековті 7 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Қаратау аудандық полиция бөлімінің бастығы Дінмұхамед Исаевты бірінші сатыдағы сот үш жылға және алты айға қамауға алып, полиция подполковнигі атағынан айырған еді. Енді ол кінәсіз деп танылып, оның әрекеттерінде аталған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталып отыр.

Еске салайық, осы жылы маусымда Нұрболат Жұмабаевтың Полиция департаменті ғимаратында өлі табылуына байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері бас бостандығынан айырылған еді. Жұмабаев пен оның досы Сергей Петровты полиция 2021 жылы желтоқсанда автокөлік ұрлау ісі бойынша ұстаған болатын. Кейінірек бірнеше жауап алудан кейін Нұрболат Жұмабаевтың жүрегі тоқтап қалған. Бастапқыда полициядағылар тергеу кезінде ер адам өзін нашар сезініп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кеткенін жеткізген. Бірақ марқұмның туыстары ер адамның денесінде жарақаттар болғанын айтыпты. Бұдан соң құқық қорғау органдары қызметтік тексеріс жүргізді. Сөйтіп аталған іс бойынша төрт қызметкердің күш қолданып, азаптағаны белгілі болды.   

Соңғы жаңалықтар

Көрдік біз барып Күршімді

Аймақтар • Бүгін, 07:45

Көкшедегі 16 мың көшет

Аймақтар • Бүгін, 07:40

Абайдың жаңа әні табылды

Абай • Бүгін, 07:35

Аңдатпа: «Абай»

Аңдатпа • Бүгін, 07:30