Аймақтар • 31 Қазан, 2023

Аққайыңда қос вагонды сүйреген алып күш иесі тұрады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында тұратын 28 жастағы Парсахан Алдияров пойыздың екі вагонын сүйреп, жұртты ерекше күшімен тәнті етті, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Аққайыңда қос вагонды сүйреген алып күш иесі тұрады

Алып күш иесі ата жұртын аңсап келген жандардың бірі екен. Ол 2000 жылдары Өзбекстаннан Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған. Жас кезінен ауыр затты ұршықша иіреді. Салмағы 23 тоннадан асатын вагонды еш дайындықсыз 60 метрге дейін сүйреп тастады.

Десе де Парсахан ауыр атлетикаға ешқашан қызықпағанын алға тартты. Алайда қара күш иесі бұл көрсеткішпен тоқтамайтынын жасырмады.

Сырт көзге қарағанда, ол бір алып күш иесі емес сияқты көрінеді. Бірақ жалпы салмағы 40 тоннадан асатын 2 бірдей вагонды оп-оңай сүйреген. Парсахан мұндай көрсеткішті бағындыру үшін арнайы дайындықтан да өтпеген.

Айта кетсек, Парсахан Алдияров аудандағы өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі болып қызмет етеді.

«Бұл жерде қара күштен гөрі ептілік қажет. Құтқарушылар күніне орай челлендж ұйымдастырылды. Менің бастығым вагон тартып көрейік деп айтты. Мен осында жұмыс істегем. Бұған дейін 2-3 адам болып вагонды тартып жүргенбіз. Салмақ көбінесе қазір мына аяққа және алға қарай еңкейіп тартылған соң тросқа, тростан иыққа түседі. Бұл 23 тонна вагонды ең бастысы – орнынан қозғалтып алу», дейді жұртты тәнті еткен ер адам.

Енді Парсахан ауыр тракторды тартып, көпшілікті тағы бір таңғалдырсам дейді. Ол бұл трюкті Тәуелсіздік күнінде жасамақшы.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024