Қоғам • 31 Қазан, 2023

Несиесін жабу үшін алаяқтыққа барған азамат ұсталды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының тұрғыны несиесін өтеу үшін танысын 1,7 млн теңгеге алдады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Несиесін жабу үшін алаяқтыққа барған азамат ұсталды

Фото: Polisia.kz

Жергілікті тұрғын Арыс ауданының полициясына келіп, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлады.

«Өзімнің досым сеніміме кіріп, теміржолшы болып жұмысқа орналастыруға уәде берді. Сол мақсатпен 1,7 млн теңгеге жуық ақшамды тартып алды», дейді арызданған тұрғын.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Қылмысты ашу мақсатында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Нәтижесінде жедел уәкілдер бұл іске қатысы бар Барыш ауданының тұрғынын ұстады.

Ер адам алаяқтыққа несиесін төлеу үшін барғанын, ал артылған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады.

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30