Қоғам • 31 Қазан, 2023

Елдің қай қалаларында пәтер жалдау арзандады?

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарапшылар Қазақстанның 8 қаласында пәтерді жалға беру құны арзандағанын байқады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің қай қалаларында пәтер жалдау арзандады?

Фото: ашық дереккөз

Zakon.kz сайтының жазуынша, бағаның күрт өсуі шілде-тамыз айларында сезілген.

Айта кетсек, Павлодар, Орал, Өскемен қалаларында үй жалдау құны айтарлықтай көтерілді.

Пәтерлері ең қымбат қала – Алматы. Онда орташа алғанда әр шаршы метр 6 мың теңгеден есептеледі.

Ал ең арзан баға Ақтауда тіркелді. Шаршы метрі 2 мың 632 теңгеге бағаланды.