Қоғам • 30 Қазан, 2023

Қарағандыда қаза тапқан кеншілерді жерлеу рәсімі өтеді

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30, 31 қазан және 1 қараша күндері Қарағанды ​​облысы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді жерлеу рәсімі өтеді. Оларды соңғы сапарға туыстары мен достары шығарып салады, деп жазады Egemen.kz

Қарағандыда қаза тапқан кеншілерді жерлеу рәсімі өтеді

Фото: ашық дереккөз

Қарағанды ​​облысының әкімдігі мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қаза тапқандардың туыстарына жерлеу рәсімдерін ұйымдастырып, қаржылай көмек көрсетеді.

Еске сала кетейік, 28 қазан күні сағат 02.33-те Қарағанды ​​облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

Бас прокуратура Костенко атындағы шахтадағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Болжам бойынша, лавада газ метанының жарылысы болған. 

Оқиға орнына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барды. Мемлекет басшысы қаза болған кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға жан-жақты көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Қазір «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты 8 шахтаның жұмысы тоқтатылды.