Қоғам • 30 Қазан, 2023

Шахтадағы апат: Лакшми Миттал қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда «AрселорМиттал Tеміртау» (AMT) компаниясының негізгі инвесторы Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шахтадағы апат: Лакшми Миттал қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?

Петиция авторлары соңғы 15 жылда Миттал басқаратын компанияда 100-ден астам адам қаза тапқанын айтып, бұл көрсеткіштің жыл өткен сайын артып жатқанын жеткізген.

«Біз, петицияға қол қойған азаматтар, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қожайыны Лакшми Миттал мен менеджері Палаватха Кришнанның қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әрекетсіздікке барғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеміз! Сондай-ақ компаниядағы еңбек жағдайын тексеруі тиіс мемлекеттік қызметкерлерді де естен шығармау керек!», делінген құжатта.

Петиция авторлары сонымен қоса соңғы 5 жылда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының табысы 1 трлн теңгені құрағанын айтады. Компания өзінің менеджері Палаватха Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 миллион теңге немесе айына 31,3 миллион теңге немесе күніне шаққанда 1,01 миллион теңге төлеген.