Президент • 24 Қазан, 2023

Президент: Тәуелсіздік – бәрінен қымбат

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде тәуелсіздікті сақтау бұл – ең алдымен, тұтас ұлттың жауапкершілігі екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Президент: Тәуелсіздік – бәрінен қымбат

Фото: ашық дереккөз

«Қазақстанның алдында бұрын-соңды болмаған жаңа сын-қатерлер тұр. Осы күрделі кезеңде мемлекетіміздің орнықты дамуы өте маңызды. Біз болашаққа сеніммен қараған біртұтас Қазақ елін күллі әлемге танытуымыз керек.

Егемендікке қол жеткізу оңай емес, ал оны сақтап тұру тіпті қиын. Шын мәнінде, Тәуелсіздік – бәрінен қымбат. Тәуелсіздікті сақтау бұл – ең алдымен, тұтас ұлттың жауапкершілігі.

Біз егемендікті тынымсыз еңбекпен, мызғымас бірлікпен күн сайын қорғауымыз керек. Ең бастысы, еліміздегі тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Себебі, тыныштық болмаса, басқаның бәрі бекер», деді ел Президенті.