Республика күні • 24 Қазан, 2023

Құрмет грамотасымен 143 адам наградталды

220 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрмет грамотасымен 143 адам наградталды

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КеАҚ дәрігері С.Андосова, «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ профессоры А.Плешаков, «Шыңға өрлеу» ҚҚ директоры Р.Сыпабекова, «Маңғыстау облыстық мүгедектік спорт клубы» КММ аға бапкері Н.Құлышов және басқа да азаматтар «Құрмет» орденімен марапатталды.

Өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да материалдық өндіріс салаларының 94 жұмысшысы мен еңбеккері ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін иеленді.

ІІ дәрежелі «Достық» ордені «Алға, Петербург» интернет жобасының авторы Иван Червинскийге берілді.

Ал футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Асхат Тағыберген, Бахтиёр Зайнутдинов және Максим Самородов «Ерен еңбегі үшін» медаліне лайық деп танылды.

«Ерлігі үшін» медалімен Мұрат Есенқабылов пен Талғатбек Төлеубаев наградталды. Мұрат Есенқабылов өртеніп жатқан көлік ішінен 3 әйел мен 5 баланы аман алып қалса, Талғатбек Төлеубаев тілсіз жауды ауыздықтауда үлкен ерлік көрсеткен.

Пара жеңіл атлетика спортшысы, бірнеше республикалық сайыстардың жеңімпазы Айсұлу Сүлейменоваға «Шапағат» медалі табысталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет салаларының 31 көрнекті өкіліне және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы Ақмола облысы «№4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының мұғалімі Ү.Еңсебаеваға берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 143 адам наградталды.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажыр-қайраты үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының өкілдері І және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.