Спорт • 21 Қазан, 2023

Қазақстан спортшылары Азия Пара ойындарына боччадан тұңғыш рет қатысады

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Қытайдың Ханчжоу қаласында IV жазғы Азия Пара ойындарының алауы тұтанады. Төрт жылда бір айналып соғатын Азия аламанына   саңлақтарымыз 14 спорт түрінен қатысады. Олардың арасында  боччадан да спортшыларымыз сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан спортшылары  Азия Пара ойындарына боччадан тұңғыш рет қатысады

Фото: kaz.inform.kz

Қазақстан бочча  федерациясының президенті,  Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев  ұлттық құрама жазғы Азия  Пара  ойындарына қатысу жолдамасын алғаш рет иеленгенін айтты.  

«Спортшыларымыз Ханчжоуда жаттығуларын өткізіп, дайындықтарын пысықтап жатыр. Жеребе тартудың нәтижесінде біздің команда Қытай, Корея, Жапония, Таиланд және Иран құрамаларымен бір топқа түсті. Алдағы жарыста атлеттерімізге жеңіс тілейміз. Соңғы уақытта бочча спорты ел көлемінде қарқынды дамып келеді. Қазірдің өзінде спортшыларымыз бірқатар халықаралық жарыстарға қатысып үлгерді. Қызығушылардың да қатары айтарлықтай артып келе жатқанын атап өткен жөн. Қазақстан бочча федерациясы алдағы уақытта да боччашыларымызға қолдау көрсетіп, осы бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыра береді», деді М.Әшімбаев.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін ІV жазғы Азия пара ойындары 28 қазанға дейін өтеді.