Ауа райы • 20 Қазан, 2023

Демалыс күндері 5 градусқа дейін суытады

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 21-23 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Демалыс күндері 5 градусқа дейін суытады

Демалыс күндері елімізде ауа райы күрт суытады.

«Солтүстік Атлантика және Скандинавия  антициклондарының әсерінен Республика бойынша жауын-шашын жауып, күн күрт суытады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың солтүстігі мен орталығында түнде температура 0-5°С-қа дейін төмендейді, ал күндіз  +2+12°С-қа дейін жылынады.

«Республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында жылы ауа райы сақталады», дейді синоптиктер.