Спорт • 18 Қазан, 2023

Болашақ чемпиондар мектебі

179 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде елімізде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бұл бағытта елордалық спорт мектептерінің атқарып жатқан жұмысы орасан. Соның бірі №9 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 9 олимпиадалық спорт түрі бойынша дайындық жүргізіледі.

Болашақ чемпиондар мектебі

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Қазіргі уақытта аталған мек­теп­те жеңіл атлетика, үстел тен­­­нисі, семсерлесу, бессайыс, триат­­лон, бадминтон, оқ ату, стенд ату, садақ ату сияқ­­ты олимпиадалық спорт түр­ле­рі­нен оқушыларды 42 педагог жаттықтырады.

«Педагогтердің ішінде жо­­­ғары, бірінші, екінші білік­ті­­лік санаттарының жат­тық­ты­­ру­шы­лары жұмыс істейді. Екеуі Қа­зақ­станның еңбек сіңір­ген жат­тықтырушысы құрметті ата­ғына ие. Олар – Семсерле­су бойынша жаттықтырушы Андрей Чурбаков және оқ атудан жаттықтырушы Галина Корч­ма. Сондай-ақ оқ атудан бір жаттықтырушы Ольга Довгун – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері», деді №9 Балалар мен жас­өспірімдер спорт мектебінің директоры Айдын Тоқбаев.

Спорт мектебінде 693 спорт­шы бар. Олардың үшеуі – халық­аралық дәрежедегі спорт шебері, сегізі – спорт шебері, 50-і – спорт шеберіне үміткер, 130-ы – спорт шебері атағына ие.

Спорт мектебінің өрендері республикалық және ха­лық­аралық ресми бәсекелерде жо­ғары нәтижелер көрсетіп жүр. Айталық, Адель Садақбаева Ма­рок­кода стендтік атудан Әлем кубогында команда құ­­ра­мын­да бірінші орынды иелен­ді. Ол дәл осындай нәтижені Азия ку­богында скит санатында көрсетті.

Александра Федотова кадет­тер мен жасөспірімдер ара­­сын­дағы семсерлесуден Азия чем­пионатында командада бірін­­ші, жеке турнирде екінші орын ­ал­ды. Қазіргі бессайыстан ­Азия чем­­пионатындағы жүл­делі орын­­­дарды Дэвид Шаулский мен Валерия Дудченко жеңіп алды.

Ташкентте өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Анастасия Колода алтын, Екатерина Колода күміс медаль жеңіп алды.

Жоспар бойынша 2023 жылы осы мектептің спортшылары 475 жарысқа қатысады. 9 айда 58 жарыс өткізілді. Спорт мектебінің тәрбиеленушілері 255 медаль жеңіп алды.