Бокс • 17 Қазан, 2023

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы кім?

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Decision Dividida» промоутерлік компаниясының матчмейкері Кике Родригес қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен доминикандық Карлос Адамес (23-1, 18 КО) арасындағы жекпе-жекті тамашалау қызық болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы кім?

Фото: ашық дереккөз

Айта кетейік, 15 қазан күні WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы титулдар үшін жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы германиялық қарсыласы Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) мерзімінен бұрын жеңген еді.

Тартысты дода Розенбергте (АҚШ) өтті. Жекпе-жек алтыншы раундта техникалық нокаутпен аяқталды.

«Спорттық тұрғыдан алғанда Әлімханұлы мен Адаместің жекпе-жегін ұйымдастырса тамаша болар еді. Бірақ мен оларға төбелесу қаншалықты ыңғайлы екенін білмеймін», деді Родригес.

Айта кетейік, WBC чемпиондық белбеу Адаместің «уақытша» иелігінде.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35