Поэзия • 16 Қазан, 2023

Ақын Несіпбек Айтұлы қайтыс болды

589 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлы 74-ке қараған жасында дүниеден озды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласы филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Ақын Несіпбек Айтұлы қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз

Несіпбек Айтұлы 1950 жылы  Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2012ж), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011), «Парасат» орденінің иегері(2004). Таңдамалы жеті томдығы «Фолиант» баспасынан  (2015 ж.) жарық көрген эпик ақын.

Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастайды. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін бітірген.

1974-1984 жылдары «Балдырған» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор. 1984-1994 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1995-1996 жылдары «Ақын» қауымдастығының директоры. 1997-2001 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі.

2001 жылдан бастап Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген.

Соңғы қызметі – Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы музей директоры.  

Н. Айтұлы – ән-өлең жанрына да ерекше үлес қосқан ақын. Оның «Ән домбыра», «Сарыарқа», «Дәурен-ай», «Арман», «Дариға, дәурен», «Қазақтай ел қайда» секілді көптеген туындылары халықтың сүйікті таңдамалы әніне айналған.