Шахмат • 13 Қазан, 2023

Сенсация: Әлішер Сүлейменов әлемнің үздік шахматшысын жеңді

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дохада Qatar Masters Open шахмат турнирі аянсында 23 жастағы гроссмейстер Әлішер Сүлейменов әлемнің ең мықты шахматшысы Магнус Карлсенді жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенсация: Әлішер Сүлейменов әлемнің үздік шахматшысын жеңді

Qatar Masters Open - әлемдегі ең мықты ашық турнирлердің бірі, оған тек 2300 немесе одан жоғары рейтингі бар ойыншылар қатыса алады. Биыл 44 елден 252 шахматшы қатысып жатыр. Қатысушылар арасында 60-тан астам гроссмейстер бар. 11 қазанда басталған турнирге гроссмейстерлер Магнус Карлсен, Хикару Накамура және басқа да шахмат мықтылары қатысып жатыр. Турнирдің жүлде қоры 108 250 долларды құрайды.

Алғашқы сенсациялық жеңістің авторы павлодарлық гроссмейстер Әлішер Сүлейменов болды. Жеребе анықтағандай, оның қарсыласы Магнус Карлсеннің өзі.

Турнирге біздің құрамнан Ринат Жұмабаев, Бибісара Асаубаева, Қазыбек Нөгербек, Алуа Нұрманова қатысып жатыр.

Айта кетейік, 2022 жылы Үндістанның Ченнай қаласында өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті. Турнирде ерлер құрамасы Қытайдан келген қарсыластармен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қазыбек Нөгербек пен Әлішер Сүлейменов ойындарын жеңіспен аяқтаса, Арыстанбек Оразаев пен Мұртас Қажғалеев тең есеппен аяқтады.

Сондай-ақ Қазақстан ерлер құрамасы шахмат олимпиадасының жетінші турында серпінді жеңіске жетіп, бастапқы кестедегі 40-орыннан 7-орынға көтеріле алды. Одан кейін Әлішер Сүлейменов шешуші ойында 200 ұпаймен испандық қарсыласын жеңді.