Спорт • 05 Қазан, 2023

Мансұр Хабибулла, Алдияр Серік–Азиаданың қола жүлдегерлері

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарында Қазақстан командасы қоржынына тағы екі қола медаль түсті, деп жазады Egemen.kz.

Мансұр Хабибулла, Алдияр Серік–Азиаданың қола жүлдегерлері

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Джиу-джитсудан 62 келіде Мансұр Хабибулла 3-орын үшін өткен бәсекеде филиппиндік Марк Александер Лимді 6:2 есебімен ұтып, қола жүлде еншіледі.

Айта кетсек, Мансұр Хабибулла - 2 мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Сондай-ақ джиу-джитсуден ел қоржынына екінші қола жүлдені салған 69 келі салмақ дәрежесіндегі Алдияр Серік ұпай көрсеткішімен сингапурлық қарсыласын жеңіп, Азия ойындарында үшінші орын тұғырынан көрінді.