Спорт • 05 Қазан, 2023

Қазақстан қоржыны алтыншы «алтынмен» толықты

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамының велосипедшісі Евгений Федоров Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы алтын медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан қоржыны алтыншы «алтынмен» толықты

фото: видеодан скриншот

Ханчжоу қаласында (Қытай) өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында ерлер арасында 210 шақырымдық топтық шосседе велоспорттан жекелей жарыс өтті. 

Қазақстан құрамасынан старт сызығына төрт спортшы шықты. Олар: Глеб Брусенский, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев және Алексей Луценко. Федоров пен Луценко жарыстың алғашқы кезеңдерінде сенімді түрде алға шықты. Жарыстың нәтижесі бойынша, Евгений Федоров алтын жүлдегер атанса, Алексей Луценко күміс жүлдені жеңіп алды. Тағы айта кететін жайт, екі спортшымыз да бірдей уақытта мәреге жетті (4:25:29).

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Egemen Qazaqstan (@egemenkz)

Қола Моңғолия өкілі Жамбалцамет Сайбаярға бұйырды. Груздев бесінші, ал Брусенский 18-болып мәреге жетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алексей Луценко Азия ойындарында уақыт бойынша жекелей есепте алтын алған болатын.

Осылайша, Қазақстан қоржынында қазір 53 медаль бар: алты алтын, 12 күміс және 35 қола.

Айта кетейік, Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанда аяқталады.