Инновация • 02 Қазан, 2023

IT-хабтар қатары толықты

172 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодар мен Ақмолада бірнеше IT-хаб ашылды. Нәтижесінде, қазір елімізде 11 өңірлік хаб жұмыс істеп тұр.

IT-хабтар қатары толықты

Өңірлік IT-хабтар инновация­лық жобаларды дамытып, ақпа­раттық тех­нологиялар саласында білікті ма­мандар даярлауға көмектеседі.  Стар­тап, ментор, инвесторларды бірік­тіреді.

IT-хаб – IT қауымдасты­ғын­­ құру­ға арналған ерекше ке­ңіс­тік. Инку­ба­циялық кезеңде стар­­тап-жо­ба­­­ларды әзірлеуде қа­лып­­тас­қан біре­гей­ жүйе бар. Яғни кә­сіпкерлікті, қар­­­жылық есеп­ жүргізуді үйретіп, ин­­вес­­­ти­­­­ция­лар тартуға көмекте­­­се­­ді.

– Қазір барлық өңірде IT-хаб­­тар­дың қызметін дамыту­ және түрлі іс-шараларды ұйым­­дастырумен айналысатын ко­мунити-менеджерлер жұмыс іс­тейді. Өңірлерде «Digital nomands» серіктестігінің  сабақтары және «Google Def» ұсынған бейресми кездесулер жиі өткізіледі. Бүгінгі таң­да өңірлік хабтарда 7 мыңнан аса адамның қатысуымен 300 іс-шара өткізілді, – деді  «Astana Hub» ха­лық­аралық технопаркі Өңірлік даму кеңсесінің дирек­торы Аида Досова.

Өңірлік IT-хабтарды дамыту – «Astana Hub»-тың басым міндеттерінің бірі.  Биылғы мақсат – бүкіл ел бойынша 14 өңірлік IT-хаб ашу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік деңгейде инно­ва­циялық экожүйені кеңейтудің маңыз­дылығы туралы жиі айтады.

– Менің цифрландыру ісі­­не және инновацияны енгізу мә­с­е­­лесіне баса мән беретінімді бар­­шаңыз білесіздер. Біздің ма­ңыз­ды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ-мемлекетке ай­налдыру. Цифрландыру ісінде нақты жетістіктеріміз де жоқ емес. Біз электронды үкі­метті және финтехті дамы­ту индексі бойынша әлем көш­бас­шыларының қатарында тұр­мыз. 2026 жылға қарай ІТ қыз­мет­терінің экспортын 1 млрд долларға жеткізу – Үкіметке жүктелетін жаңа міндет, – деген еді Президент. 

Бұл мақсатта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Astana Hub» және жергілікті атқарушы органдар айтарлықтай жұмыс атқарды. Жыл басынан бері еліміздің мына өңірлерінде – Семей, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Орал, Түркістан, Ақтөбе, Қос­танай, Көкшетау, Павлодар, Ақмолада IT-хабтар ашылды.