Аймақтар • 02 Қазан, 2023

Алматыда «Корей мәдениеті күні» аталынып өтті

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жексенбі, 1 қазан күні Алматы қаласындағы Корей Республикасы Бас консулдығы, Корей Республикасы Елшілігі жанындағы Корей білім беру орталығы, Корей Республикасы Туристік ұйымы, Корей ауылшаруашылығы және балық шаруашылығы сауда корпорациясының ұйытқы болуымен мегаполистегі ең ірі сауда орталықтарының бірі – Мега-Алматыда «Корея мәдениеті күні» аталынып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда «Корей мәдениеті күні» аталынып өтті

Мереке сияқты іс-шара «Қазақстан-Корея-2023 өзара мәдениет алмасу жылының» екінші жылына арналып, оған 800-ге жуық алматылық ортақтасты.

Сахнадағы LED-экранда Busan Expo-2030 туралы жарнамалық роликтер мен корей туризмі туралы бейнероликтер көрсетілсе,  сауда ортағына келушілер үшін арнайы ойын-сауық бағдарламасы дайындалды.

Сауда орталығына келген алматылықтар K-pop қойылымдарын, корейдің дәстүрлі билерін, барабанды орындауды және самульнори тобының өнерін тамашалады. Салтанатты оқиға барысында қала тұрғындары  корей халқының дәстүрлі «Ханбок» киімін киіп, дәстүрлі корей ойындарын ойнап, Оңтүстік Кореядағы оқу орындарына қалай қабылдануға болатыны туралы таныстырылымдарды тыңдап, алуан түрлі  ақпараттар алды.

Алматылықтардың кезекті демалысына сән берген іс-шара екі елдің бірін бірі тереңірек танып, татулығының нығая түсуіне игі септігін тигізетіні сөзсіз. Қаланың кейбір тұрғындары бұл күн Оңтүстік Кореяға деген қызығушылықтарын оятқанын айтады.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025