![Мемлекет басшысы ГФР Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті](/media/2023/09/29/c697a447-3b39-4754-998c-346c4d7c1a9a.webp)
Атап айтқанда, энергетика, транзит, логистика, пайдалы қазбаларды игеру, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы және цифрландыру секілді ынтымақтастықтың басым бағыттарына қатысты бірлескен жұмыстарды талқылады.
Келіссөз барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды, сондай-ақ екі елдің ғылыми және білім беру ұйымдары арасындағы қатынастарды нығайту мәселесіне баса мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан мен Германияның көпжақты ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін бірлескен іс-қимылдарды арттыра түсуге уағдаласты.