Елорда • 28 Қыркүйек, 2023

Астана-Қарағанды тас жолының учаскесі уақытша жабылды

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана-Қарағанды тас жолында, сондай-ақ Қошқарбаев пен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана-Қарағанды тас жолының учаскесі уақытша жабылды

Фото: Алексей Мальгавко

Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 28 қыркүйегінен 3 қазанына дейін Қобда аллеясынан Армандастар көшесіне дейінгі Астана-Қарағанды тас жолының учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылады.

Сонымен қатар жолдың орташа жөнделуіне байланысты 30 қыркүйектен 1 қазанға дейін Р.Қошқарбаев - Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысы ішінара жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», делінген әкімдік хабарламасында.