Қоғам • 28 Қыркүйек, 2023

Әлеуметтік желіде Үкімет басшысының жалған сұхбаты тарады

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде Премьер-министр Әлихан Смайыловтың суретімен алаяқтық жарнама тарады. Бұл туралы Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде Үкімет басшысының жалған сұхбаты тарады

Фото: ашық дереккөз

Бөгде сайтта жарияланған Үкімет басшысының сұхбатында алаяқтар оқырмандарды криптовалютаға қаражат салу үшін белгілі бір платформаны пайдалануға шақырады. Бұл фейк.

Үкіметтің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын растады және қазақстандықтарды алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.

Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілер әкімшілігінен заңсыз контентті бұғаттау туралы өтініш жолдағанын хабарлады.