Қоғам • 27 Қыркүйек, 2023

Сенат Төрағасы өнеркәсіптік көрмені аралады

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Иннопром» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат Төрағасы өнеркәсіптік көрмені аралады

Фото: https://senate.parlam.kz/

Астана қаласындағы Халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан іс-шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылды. Халықаралық көрмеге 2019 жылдан бері тұрақты түрде қатысады.

«Иннопром» көрмесінің негізгі мақсаттары – өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, инвестиция тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және тәжірибе алмасу. Биылғы іс-шара жаңа кезеңдегі өнеркәсіптік стратегия бағытын қамтыды. Көрмеге ЕАЭО елдерінен 300-ден астам кәсіпорын мен компания өнімдерін ұсынды.

Мәулен Әшімбаев көрмеде металлургия, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, сондай-ақ, фармацевтика салаларында өндірілген тауарлармен танысты.

« Біздің еліміз өнеркәсіп саласында ЕАЭО-дағы серіктестерімен бірге 38 бірлескен жобаны іске асырды. Тыңғылықты өңдеу, барынша локализация, жаңа өнімдер өндіру және экспорттық әлеует кооперацияның басты басымдықтары екенін атап өткен жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің өнеркәсіптік үлгісін қалыптастыру және Жолдауда айтылған жоғары қайта бөлу кластерлерін құру жөніндегі тапсырмалары аясында мұндай тәсілдің маңызы артып отыр», делінген хабарламада.

Айта кетсек, былтыр Қазақстан осы халықаралық көрмеге серіктес ел ретінде қатысқан еді.