Шахмат • 25 Қыркүйек, 2023

Керуен Керекуге жетті

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахмат федерациясы ұйымдасты­­рып жат­қан «Шахмат керуені» жоба­сы Павлодар қаласына жетті.

Керуен Керекуге жетті

10 қыркүйекте өз бастауын алған ауқымды жоба Көкшетау, Петропавл, Қос­танай және Қарағанды қалаларын артқа тастап, Павлодар қаласына табан тіреді. 10 қарашаға дейін еліміздің барлық облысын аралап шығатын жобаның мақсаты – өңірлерде шахмат қозғалысын насихаттау.

«Шахмат керуені» жобасы аясында Қазақстан шахмат федерациясының Пав­лодар облыстық филиалы ашылып, оның төрағасы болып кәсіпкер Артур Шпейзер тағайындалды. Сондай-ақ «Ertis Promenade» алаңында тігілген мобильді киіз үйде жер­гілікті спортшылар арасында шахмат тур­нирі ұйымдастырылды. Нәтижесінде, жа­рыс жеңімпазы атанған 33 жастағы Бақыт Жан­ғабылов 10 қарашада Түркістанда өтетін жобаның гранд-финалына жолдама алды.

 

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Мемлекетшіл жұмыс жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:55

Елді еңселендіретін қадам

Пікір • Бүгін, 08:50

Жасампаздық бастауы

Пікір • Бүгін, 08:38

Қоғам өміріндегі өзгеріс

Пікір • Бүгін, 08:33

Дәтке қуат жасанды бүйрек

Медицина • Бүгін, 08:30