Елорда • 19 Қыркүйек, 2023

Астанада Comic Con Astana фестивалі өз мәресіне жетті

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 15-17 қыркүйек аралығында өткен комикстер, кинематография, бейне ойындар, аниме және қазіргі заманғы танымал мәдениеттің өзге де бағыттарына арналған халықаралық Comic Con Astana фестивалі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада Comic Con Astana фестивалі өз мәресіне жетті

Comic Con Astana фестивалі Қазақстанда екінші рет өтті. Астана даму орталығы қолдау білдірген бұл іс-шара елорданы тек қана ресми, іскерлік шаралар өтетін алаң ғана емес, жастарға арналған қызықты мәдени оқиғаларды тарта алатын жаңа орталық ретіндегі мәртебесін нығайтуда маңызды қадамдардың бірі болды.

Comic Con Astana-ның негізгі оқиғаларының бірі жалпы жүлде қоры 10 000 000 тг болатын кәсіби косплейерлер байқауы болды. Оған әлемнің 5-тен астам елінен келген косплей командалары қатысты.

Байқаудың гран-приі 3,5 млн теңгені RaidShadowLegends-тегі Харима кейіпкерінің косплейі үшін Келлер никнеймі бар 23 жастағы косплейші алды. Бірінші орын үшін 1,6 млн теңге жүлдені Diablo-дағы Lilith кейіпкерін бейнелегені үшін Isabelka никнеймі бар 28 жастағы студент косплейер алды. Екінші орын және 1 млн теңгені God of War Ragnarok-тағы валкирия патшайымы Фрейя кейіпкері үшін 29 жастағы алматылық Таис Туканова жеңіп алды. Үшінші орын және 700 мың теңгені Horizon: Forbiddenwest-тегі Элой бейнесін бейнелегені үшін Алматыдан келген 20 жастағы көркемсурет мектебінің мұғалімі Reddisson деген никнеймі бар косплейер қыз алды. Сондай-ақ қазылар алқасы техникалық жағынан ең күрделі, ең егжей-тегжейлі тігілген костюм, үздік қойылым және т.б. номинациялар бойынша сыйлықтар берді.

п