Қоғам • 18 Қыркүйек, 2023

Онлайн навигатор Иманбектің даусымен сөйледі

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Яндекс картаның онлайн-навигаторында белгілі музыкант, Грэмми сыйлығының иегері Иманбектің дауысы пайда болды, деп хабарлайды   Egemen.kz   bluescreen.kz сайтына сілтеме жасап.

Онлайн навигатор Иманбектің даусымен сөйледі

Музыкант жол бойында жүргізушілерге жол көрсететін 400-ден астам сөз тіркесін өз даусымен жазған.

«Сапарға шыққан жүргізушілер ең алдымен «жолдарды біріктіруді» және «табысқа жетелейтін жолды» жалғастыру керектігін естиді.  Аралық нүктеге жеткен кезде «жиынның жартысы артта қалды» дейді Иманбек. Алда жол жұмыстары бар болса да навигатор ескертіп тұрады. Ал жолда камераларға түсіп қалған кезде бұл «папарацци» деп әзілдейді», деп жазды басылым.  

Музыканттың дауысын Yandex Maps қолданбасында қосу үшін қолданба профиліне өтіп, «Параметрлер» тармағында «Дыбыстар мен ескертулер» тармағын ашып, «Дауыс» бөлімінде Иманбекті таңдау керек.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35