Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023

19 млн теңге: Астанада алимент төлеуден жалтарған азамат қамалды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана тұрғыны 19 млн теңге көлемінде алимент төлемегені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 млн теңге: Астанада алимент төлеуден жалтарған азамат қамалды

Нұра аудандық прокуратурасы 2015 жылдан бері алимент төлеуден жалтарып жүрген елорда тұрғынын анықтады. Қарыз сомасы 19 млн теңгені құрады.

«Аудан прокуратурасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен борышкер сотқа тартылып, 5 тәулікке қамауға алынды», деп жазылған елордалық прокуратураның хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған азаматтар 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл төлейді немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады, сондай-ақ екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.