Қылмыс • 11 Қыркүйек, 2023

Жалған сусын жасаушылар ұсталды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық бақылау агенттігінің баспасөз қызметі хабар­лаған­дай, аталған агенттік­тің Шым­­кент қаласы бойынша департаменті үшін­ші мегаполисте танымал энергетикалық сусынды жасырын түр­де шығарған цехты анықтаған. Департамент бизнес құқық­тарын қорғау және көлеңкелі экономикамен күрес бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары аясында заң бұзушылықтың жолын кесті.

Жалған сусын жасаушылар ұсталды

Қалалық санитарлық-эпи­­­демиологиялық бақылау департаментінің мамандары және сауда маркасының құқық иеленушінің өкілдері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары ба­рысында 21 мыңнан астам құты – контрафактілік сусын­ның дайын өнімдері, тауар белгісі бар 54 мыңнан астам бос банкалар, энергетикалық сусынды құюға арналған жаб­дық, сия бүріккіш жапсыр­ма, орау құрылғылары, қақ­пақ­­тар, құрғақ қоспалар (лимон қышқылы, кофеин, сода, бояғыштар, қант, қыш­қыл­­д­ықты реттегіштер) тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асады.

Ұлттық сараптама орталы­ғы­ның микробио­логиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, тәр­кіленген сусынның құра­мын­­да рұқсат етілген мөлшер­ден екі есе жоғары зең мен ашыт­­қы анықталған. Бұл өнім тұтыну­ға жарамсыз, өйткені ол адам денсаулығына, әсіресе жас ағзаға зиян келтіреді. Осы факті бойын­ша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

ШЫМКЕНТ