Оқиға • 11 Қыркүйек, 2023

Қызылорда облысында газдан уланған екі бала көз жұмды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға бүгін, 11 қыркүйекте таңғы сағат 7:15-те Шиелі кентіндегі жеке тұрғын үйде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында газдан уланған екі бала көз жұмды

Фото: ашық дерекөз

«Алдын ала болжам бойынша Н.Бекежанов көшесіндегі жеке тұрғын үйде табиғи газдан 2017 және 2020 жылдары туған екі бала уланып, көз жұмды. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 1 қызметкер барды», делінген департамент хабарламасында.

ТЖД өкілдері газ пештері мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.