Тағайындау • 04 Қыркүйек, 2023

Қанат Бозымбаев Президент кеңесшісі болып тағайындалды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қанат Бозымбаев Президент кеңесшісі болып тағайындалды

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтар күні Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

- 1994-1997 жылдары – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі;

- 1997-1998 жылдары – жекеменшік компанияның экономика мәселелері жөніндегі директоры, ҚР Экономика және сауда министрлігі аумақтық саясат бөлімінің бастығы, Қаржы департаментінің бастығы, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ экономика жөніндегі вице-президенті;

- 1998-1999 жылдары – ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мұнай және газ департаментінің директоры;

- 1999-2000 жылдары – «ҚазТрансОйл» ЖАҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі;

- 2000-2001 жылдары – Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

- 2001-2008 жылдары – «КЕGОК» ААҚ бірінші вице-президенті, президенті, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқарудың қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының төрағасы;

- 2008 жылдан – «KEGOC» акционерлік қоғамының президенті;

- 2009-2013 жылдары – Жамбыл облысының әкімі;

- 2013-2016 жылдары – Павлодар облысының әкімі;

- 2016-2019 жылдары – Энергетика министрі;

- 2019-2021 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі;

- 2021-2022 жылдары Алматы облысының әкімі қызметін атқарды.