Қоғам • 01 Қыркүйек, 2023

Полиция қызметкері зейнеткерге көмектесу үшін 3-қабатқа өрмеледі

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жедел жәрдем шақырған зейнеткерге алғашқы көмекті учаскелік полиция инспекторы көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Полиция қызметкері зейнеткерге көмектесу үшін 3-қабатқа өрмеледі

Фото: https://polisia.kz/

Ақмола облысында учаскелік инспектор 3-қабаттың балконына көтеріліп, жәрдемге мұқтаж зейнеткерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Атбасардың 77 жастағы тұрғыны өзін жайсыз сезінгені туралы хабар келді. Алайда жедел жәрдем станциясының бригадасы оған көмек көрсету үшін зейнеткердің пәтеріне сыртқы есік іштен ілулі болғандықтан кіре алмаған. Учаскелік инспектордың телефонына жедел жәрдем станциясының фельдшері Татьяна Чичиковадан жәрдем көрсету туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Медицина қызметкері бригадамен бірге денсаулық жағдайы бойынша есепте тұрған 77 жастағы жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсету үшін келгенімен дәрігерлердің пәтерге кіре алмай тұрғынан айтқан.

Учаскелік полицей Руслан Кравцунов дереу оқиға орнына барды. Онда жалғыз тұратын зейнеткердің дәрменсіз күйде екенін және көмекке шақырып жатқанын білген соң дереу іске кіріскен. Басын қатерге тіккен полиция қызметкері үшінші қабаттағы зейнеткердің үйіне көршісінің балконы арқылы бару үшін қабырғамен өрмелеген.

Пәтерге кіргеннен кейін Руслан зейнеткерге медициналық көмек көрсетіп, қарияның алғысына бөленді.