Спорт • 23 Тамыз, 2023

Әмір Омарханов Мысырдағы ірі турнирде топ жарды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Мысырдың Дакахлия қаласында ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы ең беделді ITF Juniors J100 Dakahlia турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әмір Омарханов Мысырдағы ірі турнирде топ жарды

Аталған додада өнер көрсеткен 15 жастағы дарынды теннисшіміз Әмір Омарханов жарыстың бас жүлдесі үшін өткен сайыста ресейлік Артем Богомоловпен шеберлік байқасып, аса тартысты бәсекеде 5:7, 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Финалдық сайысқа дейін Әмір қарсыластарына бірде-бір сет бермей қапы қалдырғанын айта кеткен жөн.

Отандасымыз осы жеңісінің арқасында жасөспірімдер арасындағы ITF  рейтингінде бірден 66 саты жоғарылап, 198-орынға көтеріліп алды.

Сондай-ақ Қарағанды теннис мектебінің түлегі бұл күндері Мысырдағы тағы бір үлкен жарысқа қатысып жатыр. Ол кеше Каирдегі J 100 турнирінің алғашқы айналымын сәтті бастап, жергілікті теннисшіден 6:3, 6:2 есебімен басым түсті.