Қоғам • 22 Тамыз, 2023

Қарағанды облысында Шахтер күніне арналған салтанатты іс-шаралар өткізілмейді

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының әкімдігі Шахтер күніне арналған барлық салтанатты іс-шаралар шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында Шахтер күніне арналған салтанатты іс-шаралар өткізілмейді

«Қазақстан» шахтасындағы қайғылы оқиғаға байланысты Шахтер күніне арналған барлық салтанатты іс-шаралар тоқтатылады», делінген хабарламада.

17 тамызда  Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тың «Қазақстан» шахтасының конвейерлік лентасы өртенді. 222 кенші жер бетіне шығарылды. Бесеуі қаза тапты. 

ТЖМ басшысы «Қазақстан» шахтасындағы өртті сөндіру неге ұзаққа созылғанын түсіндірді

ҚР ҚК-ның 277-бабы, 2-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында.