Қоғам • 22 Тамыз, 2023

Астаналық полицейлер екі келіден астам мефедрон тәркіледі

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астаналық полицейлер арнайы операция нәтижесінде екі келіден астам мефедрон тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астаналық полицейлер екі келіден астам мефедрон тәркіледі

POLICE_OF_KZ

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері елордаға есірткі жеткізу, сатумен айналысқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кескен.

Мәселен, Тоқпанов көшесінің аумағында бұрын сотталған 26 және 23 жастағы бірге тұратын қала тұрғындары анықталған. Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде сатуға дайындалған марихуана және мефедрон есірткі заты салынған үш полиэтилен пакет, сондай-ақ электронды таразылар, зип пакеттер және 1,2 миллион теңгеден астам ақша табылған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі сатушылардың тауарларды жасырып қою арқылы интернеттің көмегімен сатқаны анықталды.

Тергеу жедел іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталған азаматтар полиция қызметкерлеріне есірткі заттары жасырынған құпия орындарды көрсеткен. Бұған қоса Ерен-Қабырға көшесінен есірткі заты бар 100 полиэтилен түйіншек тәркіленсе, Тәуелсіздік даңғылында есірткі заты бар тағы да 100 полиэтилен түйіншек табылған. Арнайы операция нәтижесінде екі келіден астам мефедрон синтетикалық есірткі заты және 200 грамм марихуана тәркіленген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Қылмыстық топпен, аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.