Қаржы • 21 Тамыз, 2023

Доллар бағамы төмендеді

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы (KASE) ұсынған мәліметке сәйкес, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 7,27 теңгеге төмендеп, 452,34 теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар бағамы төмендеді

Фото: ашық дереккөз

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 61,77 теңгені (-1,55) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 501,69 теңге, рубльді 4,95 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 452-455 теңге, еуро 492-496 теңге, ресей рублі 4,75-4,97 теңге аралығында сатылып жатыр.

Бұл ретте мұнайдың әлемдік бағасы көтеріле бастады.

Мәселен, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы қазан айындағы фьючерстерінің құны 0,92%-ға өсіп, барреліне 85,58 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,92%-ға өсіп, барреліне 81,40 долларды құрады.