Президент • 15 Тамыз, 2023

Мемлекет басшысы Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қазақстанның Аустриядағы елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалған Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

Кездесу барысында Президент Аустриямен және Венадағы салалық халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатқа Қазақстанның серіктес мемлекеттермен екіжақты және көпжақты форматтағы өзара қарым-қатынастарын нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.