Спорт • 15 Тамыз, 2023

Астана мектептерінде қазақ күресі оқытылады

390 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астана қаласының 28 мектебінде қазақ күресі вариативті пән ретінде оқытылады. Бұл туралы Qazaq Kuresi Ассоциациясының атқарушы директоры Дамир Бекбосынов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астана мектептерінде қазақ күресі оқытылады

Дамир Бекбосыновтың айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Qazaq kuresi Ассоциациясы қазақ күресін дамытуға және оны мектеп бағдарламасына енгізу бағытында кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Оны пән ретінде оқыту ең алғаш 2021 жылы Астана қаласындағы мектептерде апробациядан өткен еді. Оған қоса, Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірге 2020-2021 оқу жылына арналған қазақ күресін дамыту жөніндегі іс-шаралардың бірлескен жоспары әзірленіп, іске асырылған. Пилоттық жобаның тиімділігі айқындалып, жақсы нәтиже көрсеткендіктен бүгінде Астананың 28 мектебінде қазақ күресі вариативті пән ретінде оқытылады.

«Елімізде қазақ күресімен жүйелі түрде айналысатындардың саны 159 мыңға жетті, 4 427 қазақ күресі үйірмесі жұмыс істейді. Ұлттық спорт түрін дамыту бағытындағы кешенді жұмыстың нәтижесінде Мәдениет және спорт министрлігі бұл көрсеткішті одан әрі арттыруға ниетті», деді Qazaq Kuresi Ассоциациясының атқарушы директоры.

Сондай-ақ ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, қазақ күресі спорты әсіресе аудандарда, ауылдарда қарқынды дамып жатыр, өйткені бұл шығыны аз, көпшілік үшін қолжетімді спорт түрі болып саналады. Бірақ қала жастарын да ұлттық спорт түріне баулу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Қазақ күресі тек спорттың бір түрі ғана емес, жастардың жігіттік болмысын қалыптастыратын тәрбие құралы екенін ескерсек, ұлттық спорт түрін мектеп бағдарламасына енгізудің маңызы жоғары.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025